АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қараусыз қалған Горбачевтің жағдайы өте қиын[:]

[:kz]

 

 

КСРО-дай алып мемлекетті құрдымға жіберген алып империяның бірінші және соңғы президенті болған Михаил Горбачевтің жағдайы қазір өте аянышты күйде.  Ресейдің m.infox.ru ақпараттық порталының хабарлауына қарағанда, оны  жақындарының бәрі тастап кеткен.

Дәрігерлер оның кереуеттен әрең тұратынын айтқан. Арнайы құрылғылардың көмегіне сүйеніп қана зорға жүреді. Кеңес Одағының экс-президенті кезінде өзі алған Мәскеудегі пәтерінде жалғыз өзі тұрады. Туған –туыстары көмектеспейді. Оған тиісті орындар тағайындаған қамқоршы адамдар ғана бар. Сондай-ақ экс-президенттің қазіргі жағдайын аяп, оған қолқабыс көрсететін азаматтар да жоқ емес.

Михаил Горбачев мемлекеттік тағайындағы тиісті зейнетақыны алады. Екінші қабатта тұратын Михаил Сергеевич далаға мүлде шықпайды десе де болады. Сүйікті әйелі Раиса Горбачеваның өмірден өткеніне 20 жылдан асты. Оның асқан байлығы да жоқ. Мәскеудің шетінде биік дуалмен қоршалған, бейнекамералармен жабдықталған  қызметтік үйі ғана бар.

Кеше ғана әлемдік жүйені өзгерткен Горбачевтің бүгінгі халі өте қиын. Қызы екі баласымен шетелде, Германияда тұрады. Олардың Ресейге аяқ баспағанына да ондаған жылдар өткен.

Кеңес Одағын ғана емес, әлемдегі социалистік жүйені құрдымға жіберген Михаил Горбачев сөйтіп, қарттыққа аяқ басқан шағында қараусыз қалды. Оның жанында әңгіме-дүкен құрып, бір кесе шай ішіп қауқылдасып отыратын бір адамы да жоқ.

Әлемді өзгерткен тұлғада  қазір әл жоқ. Қандай аянышты тағдыр…

 

Еркін ҚАЛДАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 
 

[:]