[:kz]
Ақтөбелік көпбалалы әке Әлімбек Бағымов Қорайлы ауылында тұрады. Ол жылда қар түскенде ұлдарын қуанту үшін қымбат көліктер мен әскери техниканы қардан қалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
40 жастағы азамат алты баланың әкесі. Тұрғынның биылғы туындысы — фура көлігі.
«Қар аз болған соң биыл тек бір машина жасадым. Қыста қолым бостау болады. Жазда құрылыспен айналысамын. Фураны жасауға бір апта уақыт кетті. Уақыт көбі қардың жауғанын күтумен өтті. Есіктің алды, ауланың ішіндегі қарды жинадым»,-дейді Әлімбек Бағымов.
Үш жылдан бері қардан қымбат көліктер жасап жүрген ақтөбелік Шалқар ауданының тумасы.
«Мүсінді жасау қиын емес. Тек қар түссе болды. Кейде қардың жауғанын апталап күтемін. Қар мүсіндер өзімді ғана емес, мектептен қайтқан балаларды да қуантады»,-дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетіп, бірі мерт болды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған.
Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен.
Олардың үшеуі аман қалса, суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр.
[:]