АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қардың қалыңдығынан дәрігерлер инфаркт алған азаматты екі шақырымға дейін көтеріп барған[:]

[:kz]

Көлік сырқаттың үйіне жете алмапты.

Қардың қалыңдығынан дәрігерлер инфаркт алған азаматты екі шақырымға дейін көтеріп барған

Фото: pixabay.com
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Павлодар облысында 400-ге жуық көлік тұрып қалған. Себебі, қар тазалайтын техника жеткіліксіз. Павлодар-Нұр-Сұлтан автобазасының Ақмола облысымен шекаралас учаскесінде 30-дан астам жүк көлігі кезек күтіп тұр, деп хабарлайды Хабар 24. 

Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, 112 қызметіне қоңырау шалушылардың қарасы қалың.

 Қолайсыз ауа райы жедел медициналық қызмет мамандарын да әбігерге салды. Дәрігерлер инфаркт алған 67 жастағы азаматты екі шақырым бойы көтеріп, реанимобильге жеткізген. 

Қардың қалыңдығынан көлік сырқаттың үйіне жете алмапты. Оқиға облыс орталығына жақын маңдағы Жетекші ауылында болды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілген жоқ. Дегенмен, қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Метеорологиялық қызмет мамандарының хабарлауынша, соңғы күндері түскен қардың көлемі екі айлық нормадан асқан. Сондықтан көктемге дайындықты қазірден бастаған жөн. Биылғы қыстағы жағдай үш жыл бұрын байқалған.

 Skifnews.kz 

[:]