[:kz]
Жетісайлық дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін сағаттап күрескен.
Жетісай ауданының ақ халаттылары кәріз жүйесіне құлаған баланың ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Екі жастағы Бақытбек Сабыржан ауыр жағдайда Жетісай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін сағаттап күресіп баққан. Шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген сәбиді аман алып қалу үшін бір топ дәрігер бірнеше сағат бойы өмір мен өлім арасында жатқан сәбидің жанын сақтап қалу үшін күрескен.
Кәріздің лас суына тұншыққан сәби 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болған. Екі жасар Сабыржанның ата-анасы перзенттерінің өмірін сақтап қалған ақ халаттыларға алғысын жаудырды.
Қазір баланың жағдайын бірқалыпты деп бағамдалуда. Тиісті ем-домын ауруханада алып жатыр. «Жан сақтау бөліміне 2017 жылы туған Бақытбек Сабыржан Нуржанұлы өте ауыр жағдайда жеткізілген.
Ата анасының айтуынша, бала үйінде септикке түсіп кеткен. Бүгінгі таңда жағдайы қанағаттандырарлық. Ем шаралары жалғастырылуда», -деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ERNUR.KZ
[:]