АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қарт адамдар көшеге шықпайды»: Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді[:]

[:kz]

Шектеу шаралары 19 қазан күні сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.

Бүгін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантинді күшейту жөніндегі жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

Қаулыға сәйкес, шектеу шаралары 19 қазан күні сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.

Енді аймақта 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандарының, атап айтқанда, мейрамханалар, кофехана, дәмхана, банкет залдары, асханалардың жұмысы тоқтатылады.  

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың бас қосуына тыйым салынады. «Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылады.

«Қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі қарбалас кезінде 5 минутты арақашықтықтан аспауы үшін көлік саны артады», — делінген Қаулыда.

[:]