[:kz]
Құрлық әскерлерінің бөлімшелері жүйелі оқыту қағидасын ұстана отырып, әскери қызметтің екінші кезеңіндегі оқытудың кезекті кезеңіне – роталық тактикалық топтардың іс-қимылын үйлестіруге көшті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қорғаныс министрлігінің басшылығына Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөнінде берген тапсырмаларын ескере отырып, әскери қызметшілерді даярлау ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда өткізілді.
Сабақтарды өткізу кезінде соңғы кездегі қарулы қақтығыстарға тән тактикалық жағдай орындалады. Бөлімшелерді қолданудың, оның ішінде елді мекендерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін жаңа тәсілдер енгізілуде.
Тактикалық топтарды үйлестіру оқу-жаттығу полигондарында штаттық қару-жарақпен тактикалық-саптық сабақтарды, атыс жаттығуларын, жауынгерлік оқ атуды басқару жаттығуларын орындау түрінде өтеді. Бұдан басқа, байланысты ұйымдастыру, барлау, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, жауынгерлік және жорықтық күзет, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері де пысықталуда.
Бөлімшелерді үйлестірудің соңғы кезеңінде жауынгерлік атыс пен тактикалық оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Онда командирлер мен жеке құрам оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаудың практикалық машығын жетілдіреді.
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі басты күштерден бөлек, өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі бар роталық және батальондық тактикалық топтарды қолдану тұжырымдамасын дамытудың өзекті екенін растайтынын атап өткен жөн.
[:]