АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қаржы министрлігі Kaspi ақша аударымдарын қолға алды: Кімдер салық төлейді[:]

[:kz]

Салық төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударылымдарын тексеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші вице-министр Берік Шолпанқұлов айтуынша, электронды ақша аудармалары бір жартысына салық енгізілуі тиіс, өйткені олар кіріс әкеледі.

«Балық төлемдер туралы айтудың қажеті жоқ. Егер сіз жақындарыңызға ақша аударып немесе ақшаны шотыңызға салған болсаңыз ол саналмайды. Барлық электронды төлемақылар тексерілетін болады. Егер сіз коммуналдық төлем немесе ұялы телефоныңызға бірлік аударсаңыз оған салық салынады. Ақша аударылымдарына салық қызметі бақылау жүрзіеді», —  деді Шолпанқұлов Сенат жиналысында. 

Вице-министрдің сөзінше, қазақстандықтар бұл жағдайда мемлекеттік қызмет сапасыз немесе тауардың ақауы болса, салық төлегендіктен өздерінің құқығын қорғап шағымдана алады. Сонымен қатар ол өз сөзінде туыстарына не таныстарына аударатын ақшаға салық салынбайтынын жеткізген. Ал егер жеке тұлғаға бірнеше тұлғалардан ақша көп алып кетсе, бұл міндетті түрде салық қызметінің назарын аударатынын ескерді 

Stan.kz

[:]