[:kz]
Қордайдағы жанжалдан кейін дүнген қауымдастығының басшысы Хусей Дауровтың әлеуметтік желідегі парақшаларына қызығушылық арта түскен. Оның жазбалары қоғамда түрлі реакция тудырып, қызу талқылануда.
Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Хусей Дауровтың «Қытай билігінен көмек сұрап жазғаны» делінген хат пен оның қазақшаға тәржімаланған нұсқасы тарауда. Онда Қытайдағы дерттің салдарына қалыптасқан ауыр жағдайға қарамастан көмек сұрауға мәжбүр болғаны, қаржылай көмек күтетіні жазылған, деп хабарлайды qamshy.kz.
«Аса қадірлі, сүйікті достар, аға-бауыр, әпке-қарындастар, барша бауырластар! Қытай елі апатты бастан кешіріп жатқан кезде, он мыңдаған адам қорқынышты ауруды жұқтырып, мыңдаған адам өлген шақта біздің Қазақстанда да қайғылы оқиға орын алды. Біздің біраз ауылдарымыз тонаушылыққа, қанды қырғынға ұшырады.
Соның кесірінен 11 адам өліп, 100-ден аса адам жараланды. Үйлер мен сауда орталығы, көліктер өртенді. Кішігірім жанжалдың арты әлдебір арандатушылар мен Қазақстанның бейбіт дамуын көре алмайтындардың әлеуметтік желі мен whatsapp арқылы қоздыруының салдарынан тонаушылық пен қырғынға ұласты.
Негізі жанжалдасушылар сол күні-ақ ымыраға келген болатын. Қытайдың вируспен күресіп жатқан кезінде біздің бұлайша қаржылық көмек сұрағымыз келмеген. Бірақ, біз де Қытайға гуманитарлық көмек жібердік. Қытайдағы және ол жақтан келген достарымыздың біздің тағдырымызға тілектестік білдіріп, көмек беруді талап етіп отыруы себепті, Дүнген қауымдастығы үшін ашылған шотқа қаржылай көмек берулеріңізді сұраймыз» делінген жазбада.
Қордайдағы жанжалдан кейін дүнген қауымдастығының басшысы Хусей Дауровтың әлеуметтік желідегі парақшаларына қызығушылық арта түскен. Оның жазбалары қоғамда түрлі реакция тудырып, қызу талқылануда.
Қордайдағы жанжалға дейін Дауров facebook парақшасында Қытай билігінің әрекеттері, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесулері, жасаған сапарлары, Қытай үкіметінің коронавируспен күрес барысы, Қытай қоғамындағы оқиғалар туралы жаңалықтармен жиі бөлісіп отырған. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл әрекетін «қытайшыл адамның ісі» деп айтыптаған.
[:]