[:kz]


Сонда, күнәдан арыламыз, жанымызды тазартамыз деген үнділер өзенге жуынамын деп керісінше денелерін ластайды. Оның үстіне, жай ғана құлшылық үшін жуынса жақсы ғой, жоқ, одан бөлек тістерін тазалайды, киімдерін жуады, жеміс-жидектерін тазалайды. Сиырлары өзен маңында жайылып жүреді.

Соған қарамастан, Үндістанға туристер көп келеді. Шындыққа көз жетікізіп, көңілдері қалатындар да жоқ емес.


Үнді билігін де бұл жағдай алаңдататын көрінеді. 15 жылдан бері өзенді тазалау жұмыстары жүргізіліп келдеі. Бірақ, нәтижесі байқала қоймады
Адамдардың мәйітіне толы өзенде шындықты біле тұра қасиетті рәсімдерін өткізетін үнділіктердің наным-сенімдері жаға ұстатарлық емей немене? Үнді сериалдарын тамашалап, «Келінін» өз келіндей жақсы көретін қаншама ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз бар. Фильмдерінен құлшылық жасаған түрлі дәстүрлеріне қарап үнділерді нағыз діни халық деп санап, сүйсіне қарайтындар да жоқ емес. Ал олардың нағыз шындығы осындай болып шықты.
«Қамшы» сілтейді
[:]