АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қасиетті Рамазан айы басталды[:]

[:kz]

 

 

Мұсылмандардың ең қасиетті Рамазан айы басталды.  Мүміндер 30 күн бойы ауыз бекітіп, ораза ұстайды.  Бұл рухани тазару және дұға ету үшін ең жақсы уақыт деп саналады.  Ол Ораза айт мерекесімен аяқталады.  

Қазақстандықтар бірте-бірте қалыпты өмірге қайта оралуда.  Екі жылға жуық уақыт бойы ел карантин шектеулеріне бағынып, өмір сүрді. Бұл жағдай діни орындарға да әсер етті.  Пандемияның бірінші жылында мешіттер жабылса, 2021 жылы коронавирусқа байланысты адам аз жиналды.  
Ал осыдан бір ай бұрын бас дәрігер карантиндік шаралардың бір бөлігін алып тастаған кезде, адамдар жамағатпен қайта намаз оқи бастады. 

“Енді арақашықтық сақтауды талап етпейді, сондықтан барлық діндарлар емін-еркін келіп, намаз оқи алады.  Дегенмен, коронавирус әлі де қауіпті екенін ұмытпауымыз керек, сондықтан әлі де бетперде киген жөн.  Биыл түнгі парыздан кейін оқылатын тарауих намазына қайта оралуға ниет етіп отырмыз.  Екі жыл бойы коронавирусқа байланысты біз оны орындай  алмадық” – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай.

Биыл пітір садақа мөлшері де 500 теңге болып өзгерді. Оның мөлшері екі келі ұнның орташа құнына қарай анықталды.  Өткен жылы міндетті садақа 420 теңгені құраған.  

«Жер-жерде дін қызметкерлеріміз садақ, зекет және басқа да садақаларды үйлестіріп, таратады.  Олар Рамазан айы бойы өңірлердегі әкімдіктермен бірлесе отырып, мұқтаж отбасылардың тізімін жасап, барлығына көмек көрсетеді.  Әлеуметтік маңызы бар өнімдерден, ең қажетті тауарлардан азық-түлік себеттерін ұйымдастырамыз.  Біз жыл сайын осындай акцияларды өткіземіз.  Сатушылардан мүмкіндігінше өнімдердің бағасын кем дегенде 10%-ға төмендетуді сұраймыз” – деді ҚР ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Хасан Аманқұл.

Имамдар мұсылмандарды Рамазан айында емделуді назардан тыс қалдырмауға шақырды.  Олар екпе мен донорлық оразаны бұзбайтынын еске салды.  

Айта кетейік, биыл Рамазан 1 мамырда аяқталады. Ал мүміндер Ораза айтты тойлайды.

[:]