[:kz]
Кәсіпкер пәтерді кімге сыйлайды: мұқтаж отбасылардан мыңдаған хат келді
Астанада тұрмысы нашар отбасыға бір бөлмелі пәтер алып беруге уәде еткен ер адамға мыңдаған қазақстандық хабарласты. Адамдар жазбаша түрде де, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы да өтініштерін білдіруде.Елордадағы бес баланың қазасына қатты қынжылған қаржы компаниясының бас директоры Жандар Садықов тұрмысы нашар отбасыға баспана сатып алып беруге шешім қабылдапты.
«Қазір Астана қаласы бойынша 80-90 жазбаша өтініш келді. Бұл өтініштерді біздің филиалдарымызда қалдырған. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы түскен өтініштердің саны екі мыңнан асады», — деді «Кэш-Ломбард» филиалының директоры Жансейіт Амангелдиев Sputnik Қазақстанға.
Пәтер сыйлайтын жанұяны таңдағанда көпбалалы, асыраушысыз қалған отбасыларға, Астанада тұратын, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, жәрдемақымен ғана күнелтетін азаматтарға басымдық беріледі. Кілтті жақын арада табыстау жоспарланып отыр. Компания қаражат жинап жатқан жоқ, бірақ көпбалалы отбасылар тізімін көмектескісі келетін бизнесмендерге бере аламыз деп атап өтті.
Жансейіт Амангелдиевтің айтуынша, компанияға басқа кәсіпкерлер әзірге хабарласпаған.
sputniknews.k
[:]