[:kz]
Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Киров ауылында жергілікті кәсіпкер өз жұмысшыларына үй салып жатыр.
Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған игі дәстүрдің нәтижесінде елді мекенде қазір 20 шақты отбасы баспаналы болып отыр. Ал негізі серіктестікте 140 адам еңбек етеді. Олардың барлығы да әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген. Ауылдағы бұл жаңа үйлер қазір бірнеше көшеге сән беріп тұр. Солардың бірінде Қызылорда облысынан көшіп келген Нақыповтар отбасы тұрады. Отағасы Ақылбек жергілікті серіктестікте жүргізуші болып жұмыс істесе, жұбайы Гүлнәр – ауыл медбикесі. «Өткен күзде ғана қоныс тойын тойлаған олар барлық жағдайымызды жасап отырған соң ба, солтүстік аймаққа тез үйренісіп кеттік», – дейді әзілдеп.
Гүлнәр Ниязова, ауыл тұрғыны: – Үй жаңа. Ішінде керекті заттар бар. Жағдайын жасап қойған. Жұмысымыз да бар. Балаларымыз сабақта. Біреуі балабақшаға барады.
Жағдайымыз жақсы. Киров ауылында 500-ден астам адам тұрады. Олардың біразы жергілікті серіктестен екі қолға бір күрек тауып отыр.
Ал кәсіпкердің берген баспанасында жұмысшы 10 жыл тұрақты тұрып, яғни серіктестікте табан ауыстырмай еңбек етсе, үйді өз атына жекеменшік иелікке түсіріп алуға болады. Ұзақбай Шәкеев, серіктестік директоры: – Бұл үйлерді салып жатқанымыз, өздеріңіз білесіздер, адамдардың көбі қалаға кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін жаңа үй салудамыз.
Кәмшат Башухина, ауыл әкімі: – Қазір көбіне бізге мал дәрігерлері керек. Агроном, инженер сияқты мамандар қажет.
Серіктестік енді биыл да тағы бірнеше үйді жаңадан салып, жұмысшыларының ескірген үйлерін де жөндеп бермек. Одан бөлек, ауылды абаттандыру да жомарт жандардың назарынан тыс қалмайды.
[:]