[:kz]
Кемел ТОҚАЕВТЫ соғыстан кейін туысқандары қонақжайлықпен қарсы алмапты. Өйткені, Кемел Тоқаев майданнан II топтағы мүгедек болып оралған. Бұл туралы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Әке туралы толғаныс» кітабында былай деп жазады.
«Арқа сүйер ешкімі болған жоқ, ауылдағы тірі қалған туыстарының жайлары мәз емес. Вокзалға барып жұмыс іздеген. Жұмыс табу өте қиынға соққан, майданнан жараланып, мүгедек болып қайтқан кісіні қайтсін, кез-келген жұмысқа денсаулығы мықты, сау адамдар қажет.Араға біраз уақыт салып, ол Алматы маңында тұратын туысқандарын тауып алады. Олар әкемді қолдарына алғанмен, аса бір қонақжайлық көрсете қоймады. Мұндай жағдайда көп тұра алмасын біліп,қалаға барып оқығысы келеді. Бірақ туысқандары үнемі «соғыс мүгедектері ешкімге қажет емес, оларды оқуға қабылдамайды, жұмысқа да алмайды» деп оны осында қалып, үй шаруашылығымен айналысуға көндірмек болады. Бірақ әкем аяғымды емдетемін, қалаға барып оқуға түсемін деген шешімге келеді. 1945 жылы өз дегеніне жетіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оқуға әскери киіммен, балдаққа сүйеніп барып жүреді».
Фотолар: Wikipedia.org сайтынан
[:]