[:kz]
Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында шеруге шыққандардың арасында есірткі қабылдағандар болғанын айтты деп хабарлайды kaz.orda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы қаңтарға қарсы атылған оқ өлімге себеп болмайтын дене мүшелеріне тисе де жараланғандар ауырғанын сезінбеген.
– Қазір тергеуден бандиттер есірткі затына мас болғаны анықталып отыр. Ауырсыну сезімі болған жоқ. Қорытынды кезеңде күш органдары күш қолдана бастағанда, аяғынан ата бастағанда құлады, бірақ ауырғанын сезбеген. Әдетте жарақат алғандар сезетін ауырсыну болмады. Бұл жоспарланған операция екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр, – деді президент.
Тоқаев Қытаймен ынтымақтастық, сондай-ақ АҚШ-пен қарым-қатынас туралы пікір білдірді.
– Қытайға келетін болсақ, біздің ең жақын көршіміз екенін түсіну керек. Біз көршілерді ауыстыра алмаймыз. Қытай даму жолында үлкен жетістіктерге жетті. Біз Қытаймен ынтымақтасуымыз керек, Қытай нарығына тәуелдіміз, біздің барлық фермерлер Қытай нарығына қатты сенеді. Осы уақытқа дейін Қытай бізге еш жамандық жасаған жоқ. Қытаймен сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті. Біз Қытайды танып, қытай тілін үйренуіміз керек. Бұл қолымызды жоғары көтеріп, беріле салу дегенді білдірмейді. АҚШ-қа келетін болсақ, бұл өте маңызды ел, – деді мемлекет басшысы.
[:]