АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қасым Жомарт Тоқаев Түркістанға келді (видео)[:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына келді.Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп үкімет тарапынан жәрдем болатынын айтып, халықты сабырға шақырды.
«Қала қалпына келтіріледі. Бәрі жақсы болады. Тек, сабыр етіңіздер! Бұл — төтенше жағдай. Қайтеміз, кейбір уақытта осылай болады.Үкімет қаражат береді. Көмектеседі. Алаңдамаңыздар. Жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Қанша керек, сонша қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп, арнайы келіп отырмын», — деп мемлекет басшысы уәдесін берді.
Еске сала кетейік,  24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыс маңында орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Жарылыстан кейін 52 адам ауруханаға жеткізіліп,1 адам қаза тапқан.
Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.Облыс басшысы Өмірзақ ШӨКЕЕВ «Арыс қаласы эвакуацияланады» деп мәлімдеме жасаған еді.

Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, «1616 адам билік ұсынған көліктермен эвакуацияланған. Ал ондаған мың тұрғын өздері әртүрлі жолмен қаланы тастап кеткен».

Фото:  Facebook


[:]