АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қатаң шара қолданылады»: Бас прокуратура заңсыз митингілерге қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады[:]

[:kz]

Қазақстанның Бас прокуратурасы митингілерге шақыртуларға қатысты бас прокурордыңорынбасары Берік Асыловтың үндеуін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп  танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымымен 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда.

«Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып  тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданатын болады», — делінеді үндеуде.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте қарастырылған жауаптылықтарға назар аударды. 

« — 174-бапта әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындағаны, таратқаны үшін (егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін);

— 400-бапта азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін (200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу);

— Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған (ауырлататын жағдайларда — 50 АЕК айыппұл, 15 күнге дейін қамауға алу қаралған)», — делінеді үндеуде.

Сонымен қатар Бас прокуратура экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын түсіндірді.

« -405-бапта экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

— 158-бапта экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу үшін (мүлкін тәркілеумен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

— 258-бапта террористік немесе экстремистік әрекетке дем берушілік  және терроризм мен экстремизмнің басқа да жолдарын қаржыландыру үшін  (мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін) жауаптылық қарастырылған».

«Сонымен қатар, қатысу дегеніміз тек заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу ғана емес, сонымен бірге тыйым салынған ұйым идеяларын үгіттеу, насихаттау, жариялау, буклеттер, посттар, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдарды даярлау, шығару және тарату болып табылады.

Қаржыландыру дегеніміз — ақшаны немесе басқа мүлікті беру, жинау, сыйлық жасау, ауыстыру, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақпарат және басқа да қызметтер көрсету саналады.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес экстремистік топтың қызметіне қатысуды ерікті түрде тоқтататын адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — дейді ведомстводағылар.

Бас прокуратура қазақстандықтарды заңдарды қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және елімізде тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырады.

 Stan.kz 

[:]