[:kz]
Баннерде жазылған «Біз біргеміз» ұранын ағылшын тіліне «We together» деп қате аударған, мұны әлеуметтік желі қолданушылары байқады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары барысында ілінген баннерден қате табылды.
Фотоны Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-те жариялады. Сапар барысында Тоқаев бірнеше нысанды аралады. Оның ішінде жүргізушілерге арналған коронавирус инфекциясын анықтау бойынша жаңа мобильді скрининг орталығына барды.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға не үшін келгені белгілі болды
Грамматикалық қатені әлеуметтік желі қолданушылары байқады.
«Біз біргеміз» немесе «Мы вместе» ұранын ағылшын тіліне «We together» деп аударған, алайда грамматика ережелеріне сәйкес, «We are together» деп жазылу керек еді.
Мұндай «қысқартылған» нұсқалар кейде әлеуметтік желілерде хэштег ретінде қолданылады. Мысалы,» Stay home» («үйде отырыңыз») тіркесінің дұрыс нұсқасы – «Stay at home».
Айта кетейік, Қазақстан президенті – кәсіби дипломат және ағылшын тілін қоса есептегенде, бес тілді меңгерген.
Қазақстанда бірнеше жылдан бері үштілділік белсенді түрде енгізіліп келеді. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастар қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруі тиіс, ал елде үштілділік қалыпты жағдай болуы қажет деп бірнеше рет мәлімдеді.
[:]