АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қатігездікпен қараған»: желіде алматылық тәрбиешінің балаларды ұрған ВИДЕОсы тарап кетті[:]

[:kz]

Тәрбиеші тәрбиеленушілерді ұрып-соғумен тәрбиелеуге тырысқанға ұқсайды.

Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соққан видео желіде тарап кетті, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Instagram-дағы @almaty.times парақшасында тараған видеодағы мәліметке сәйкес, оқиға Байсерке аулындағы «Ниет-ай» балабақшасында болған. Тәрбиеші тәрбиеленушілерді ұрып-соғумен тәрбиелеуге тырысқанға ұқсайды. Оқиға балабақшаның бейнбеақылау камерасына түсіп қалған.

«Кіші топ. Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған. Жекелей алғанда, ұрып, қорқытқан. Құзырлы органдардан назар аударуын сұраймын. Адамдар, балаларыңызды қорғаңыздар», — делінеді жазбада.

Sn.kz
 

[:]