АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қатты қателесіппін»: Алматыда заңсыз митинг кезінде тәртіпсіздік жасағандар өкінішін жеткізді (видео)[:]

[:kz]

Алматыда заңсыз митингіге қатыстып, тәртіпсіздік жасағандар өз әрекеттері үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Атап өтілгендей, олардың жартысына жуығы өзге өңірлерден келген. Тәртіпбұзушылықтар мен жол қауіпсіздігін бұзған фигуранттардың әрқайсысына құқықтық баға берілді. 

ҚР-ның бейбіт шерулер, митингілер, пикеттер ұйымдастыру және өткізу тәртіптері туралы заңын бұзғаны үшін, олар әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

«Мен «Оян, қазақ» тобының ұйымдастырушысы болып табыламын. Ол жерде мен адамдарды митингілерге, тәртіпсіздіктерге шақырдым. Енді ол үшін өкініп отырмын. Бұлай істеуге болмайды. Барлық мәселені заң бойынша шешу керек», — дейді Алматыдағы тәртіпсіздіктердің С. Есімді белсенді қатысушысы 

Өз кезегінде азамат Б. тұрғындарды, әсіресе, жастарды арандатуға ермеуге және тәртіп бұзбауға шақырды. 

«Мен бәріне митингіге шығуға және талқандауға кеңес бердім. Ол үшін жауаптылық бар екенін түсінбедім. Қатты қателесіппін», — дейді Б. есімді азамат.
 

 

[:]