[:kz]
Отандық продюсер Бауыржан Есебаев сахнадан кеткен әнші Сырым Исабаевтың бүгінде қайда жүргенін айтып берді. Бұл туралы ол YouTube тұғырнамасының «Уақыт көрсетеді» атты парақшасындағы сұхбатында сөз еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
«Сырымның сырын өте жақсы білесіз ғой. Қайда жүр ол бала?», — деген жүргізушінің сұрағына Есебаев әншімен соңғы рет кездескен сәтін баяндап берді. «Сырым бизнеске кетті. Маған ең соңғы келген кезінде өзі бір қатты қиналып жүрді.
Немен қиналып жүргенін білмедім, енді. Ол өнерден өз жолын таба алмады ма? Сол бір уақытта келді де, «аға, егер жақсы әндеріңіз болып жатса, хабарласыңыз. Мен өнерден кетіп бара жатырмын. Бәріңізге рахмет» деп кетті», — дейді ол. Композитор артынша Сырымға қайта хабарласқан.
«Сосын артынан звондап «қандай әндер керек» деп едім, «діни әндер» болса деді. Соған қарағанда ол біз білмейтін бір мәселелермен қиналып жүрген болар деп ойлаймын, өзім. Одан кейін ешқандай сахнадан да, әлеуметтік желіден де таппадым Сырымды.
Оны қазіргі уақытта астанада деп естідім», — деп сөзін аяқтады Есебаев.
Белгілі композитор басы дауға қалған Ернар Айдарды сөз етті Еске салсақ, бұған дейін Бауыржан Есебаев алаяқтықпен басы дауға қалған Ернар Айдар туралы ойын ортаға салған болатын.
Әншімен сөйлескен ол, Ернардың ақшаны өз қалтасына баспағанын алға тартуда. Сонымен қатар композитор қазақ эстрадасында төсек арқылы әншілікке келетіндердің бар екенін сөз еткен еді.
Тіпті оның өзіне де төсек ұсынғандар болғанын жасырмады.
[:]