[:kz]
Видеоны Кенжегүл Тергембаева есімді желі қолданушы facebook желісіндегі «Шындықтан қаша алмайсың» тобына жариялап жіберді.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан «Мұнар» тұрғын үй кешенінің жеделсатысында бір жас әйел кіші дәрет сындырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жеделсаты ішінде түсіп қалған ол туралы видеоны Кенжегүл Тергембаева есімді желі қолданушы facebook желісіндегі «Шындықтан қаша алмайсың» тобына жариялап жіберді.
«Бүгін таңертеңгі 9-да «Мұнар» ТК-інде толыққанды «зиялы әйел» дәл жеделсатыда кіші дәретке отыра салды. «Біз қайда құлдырап бара жатырмыз? Адамдардың әбден тоқырағаны ғой бұл», — деп ашуланды ПИК төрағасы. Адамдардың сырт келбетіне қарамаңдар, ішкі жан-дүниесі мен тәрбиесіне үңіліңдер» деп жазды ол.
Оны көрген өзге желі қолданушылар да «масқара», «көргенсіз», «қатты қысылған ғой» деп жарыса пікір жазысуда. Осы орайда, Сәуле Темірболатова есімді кісі: «Ұят нәрсені кісі көзінше де, құпия түрде де жасама! Бірінші орында өзіңді өзің құрметтеу тұруы керек», — деп реніш білдірді.
[:]