[:kz]
Алматыда Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған, 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптарімен ішінара келіспей отыр. атышулы іске қатысты екінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Процессте айыпталушы өрімдей қызды өлтіргенін мойындаған. Бірақ зорлық көрсеткенін теріске шығарып әлек.
Осы көктемде іс-түссіз жоғалып, кейін бөлшектелген денесі табылған Аяжанның оқиғасы естіген елдің жағасын ұстатқан еді. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты бүгін екінші сот отырысы өтті. Зорлау дерегі болғандықтан процесс жабық режимде, онлайн форматта болды.
Бүгін бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары. Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған.
«Сотталушы Төребеков өзінің адам өлтіргені туралы кінәсін мойындап, адам зорланғаны туралы кінәсін мойындамай отыр. Біздің жәбірленуші тараптан өлтіруден бөлек, тағы да зорланған мәселесін дәлелдеу мәселесі тұр. Осы барысында енді жұмыс істей бастаймыз», — дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.
Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйектерді ұсынамыз дейді.
«Біздің тараптан сотталушы Төребековтың жауаптары, куәгерлердің жауаптары, Еділоваға қатысты мінездемелері араларында болған хаттамалар, аудиожазбалар, сарапшылардың қорытындыларын негізге ала отырып осы зорлағаны бойынша біз кінәсін дәлелдеуге тырысып жатыр», — дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.
Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарауда. Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс биыл наурыз айында болды. Жұмыстан шығып, іс-түссіз жоғалған Аяжанның денесі, Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді.
Айыпталушы 28 жастағы Түркістан облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.
[:]