АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қатынының көзіне шөп салып жүрген жігіт отбасы құндылығы туралы дәріс айтып…[:]

[:kz]

Нөлге нөлді қоссаң да, көбейтсең де нөл. Егер сізге біреу <Жоқ, бір миллиард болады> деп қоймаса сенесіз бе?

Әрине сенбейсіз. Олай болса, бір тиын шығындамай бизнес жасауды үйретемін деген адамға сеніп, оған ақша төлеп ақылын тыңдау — даналық па, даңғойлық па?

Сол секілді өз басында екі-ақ баласы бар шалдар жұртқа көпбалалы болудың жолын сілтейді, қатынының көзіне шөп салып, басы дауға қалған бір жігіт отбасы құндылығы туралы дәріс айтып, әр тыңдаушыдан 3000 теңгеден жинап жүр. Өзің диуанасың кімге пір боласың дегеннің кері.

 


Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]