АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қаза болғандардың көбісі — ұшақтың бас жағында отырғандар»: Апаттың алдын ала себептері айтылды[:]

[:kz]

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматыда болған әуе бортының апатқа байланысты өз болжамын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұлар тек болжам ғана. Ұшақтың артқы тұсы екі мәрте ұшып-қону жолағына тиген. Мұның себебі — пилоттың кінәсі не ұшақтың техникалық ақауының болуы», — деді премьер-министрдің орынбасары. 

Сөзінше, апаттың тура себебін арнайы сараптамалық техника анықтайды. Арнайы комиссия өз жұмыстарын бастап кетті. 

«Қаза болғандардың көбісі — ұшақтың бас жағында отырғандар», — деп қосты ол. 

Қазіргі таңда құтқару жұмыстарына жұмылдырыған адамдардың саны 1000-ға жетсе, техникалық бірліктің саны 72-ні құраған. Бұған қоса оқиға орнына 32 жедел жәрдем бригадасы келіпті

Ресми мәліметтерге сәйкес, қайтыс болған 12 адамның тізімі шықты. Олардың 8 оқиға орнында, 2-і ауруханада, екеуі Алматы әуежайында көз жұмған. 49 адам түрлі ем қабылдау орталықтарына жеткізілді. Оның ішінде 18 жолаушының жағдайы өте ауыр. 

Тікелей жедел желісіне 603 хабар келіп түіпті. Құтқарушылар оқиға орнындағы жұмыстарын жалғастыруда. Борттық жазбалар табылып, тексерілуге жіберілді. 

«Бұған қоса борт командирі 1961 жылғы Мұратбаев Мұрат Ғаниұлы қаза болғанын жеткіземін. Ол өте тәжірибелі ұшқыш еді. Екінші пилот ауыр жарақаттар алғандықтан ауруханада жатыр. Ұшақтың өзіне оралатын болсақ, әуе борты 1996 жылы шығарылған, осы жылдың мамыр айында оның ұшақтық жарамдылық мерзімі ұзартылған. Қазақстан реестріне бұл ұшақ 2016 жылдың 26-тамызында тіркелген. Бэк Эйир ұйымына 10 әуе борты тиесілі, олардың 9-да ұшақтық жарамдылық мерзімі бар. Қазіргі таңда әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды», — деп қорытындылады сөзін Роман Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы қаза болғандардың саны 15-ке жетті деп мәлімдеген еді. 

[:]