АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ Елі өзінің әріғарай даму жолын және одан сайын рухани жаңғыру процесін нығайтады![:]

[:kz]

Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен республикада билер сотын жандандыруды ұсынды. Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақ хандығы кезінде қазақ билері ешқандай бюрократиясыз және т.с.с. формальдық бос тәсілдерсіз, тек ақылды, дана сөз арқылы әр түрлі адамдар арасында болған жанжалдар тоқтатып, барлығына тиімді және пай»далы шешім таба білді.

«Би» сөзі көне түрік заманда пайда болған және «билік жүргізетін топтың өкілі, әр түрлі дау-дамайларды әділ шешетін және дұрыс шешім табатын адам» мағнасында сол заманнан Қазақ хандығы өмір сүрген заманға дейін қолданылған. Қазақ билердің сол замандағы адам қоғамында ықпалы ата тегіне мен қазақ рулардың басқаруында үлкендігімен байланысты болды. Қазақ билері өз руын басқаруында, хандармен бірге, сот, әкімшілік және әскери билік қолында болған. Соның арқасында қазақ билері қазақ сұлтандармен бірге Қазақ хандығының мемлекеттік маңызы бар істеріне қатысып, әр жылда қазақ халқының құрылтайларына қатысып, өз үлесін қосқан.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ билері — Толе-би, Казыбек-би и Айтеке-би сондай үлесін қосып жүрген және қазіргі заманға дейін олардың аттары қазақ халқының есімінде мәңгі сақталған.. Осы атақты және дана билері Тәуке ханға «Жеті жарғы» деген қазақ көшпенділердің Ата Заңын жазуға көмектескен. Ел сол үшін оларды «Орда билері» атап кеткен.

Біздің пікірінше, бабаларымыздың билер соты сияқты мұрасын қайта жандандыру арқылы тәуелсіз Қазақ Елі өзінің әріғарай даму жолын және одан сайын рухани жаңғыру процесін нығайтады!

 

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

Алтынорда

 

 

[:]