АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ қыздарын масқаралап жүрген кім?[:]

[:kz]

Өзіміз. Өзіміз, анығы. Қазақ қызы кейбір әлеуметтік желідегі топтар мен сайттар үшін аудитория жинаудың амалына айналғандай. Жоқ, рас. 

0c9a51ebc6f3da9e93adab2ef15d57c7_resize_w_520_h_«Қазақ қызы ананың астына жатыпты, мынаның қолтығына кіріпті». «Қазақ қызы шетелдіктің қолынан ұстап елден тайып тұрыпты». «Қазақ қызы тойда бұтын ашып биледі». «Қазақ қызы мас күйінде көшеге шығып кетті». «Қазақ қыздары бір-бірінің шашын жұлып жатыр». «Қазақ қызы ұятты жерін ашып көрсетті». «Қазақ қызы эротика биледі». «Қазақ қызы күйеуінің көзіне шөп салды».  Тағы не бар еді, құдай-ау?

Осы тақілеттес тақырыптардың қаптап кеткені соншалық соңғы кездері әлеуметтік желіге кіруден қалдық. Қазақ қызы кімге, не жазды? Оған топырақ шашушылардың көздегені не? Әлде қазақ қызы шынымен бұзылған ба?

Жоқ, одан бұрын біз бұзылып біттік. Мына біз бұзылғанбыз. Біздің ойымыз бен ниетіміз бұзылған.  Мінез-құлқымыз өзгерген. Қазақ қызының көшеде жатқаны, бұты ашылғаны бізге қызық.

Жоқ, рас. Қазақ қызы өзін-өзін бұзып жатқан жоқ. Қоғам құбылып барады. Қоғамның талғамы әлдеқашан тас-талқан болған. Қоғам жалаңаш дүниені жақсы көретін болған. Адамның құдайдан алыстап кеткені соншалықты, әлгі видеоны, әлгі қыздың жалаңаш денесін көріп отырып өзіміздің де анамыз, әйеліміз, бала-шағамыз бар екенін ұмытып кетеміз. Тағы да рас. Қазақ қызының шешінген видеосын құмартып көретіндердің іш-құрылысы да бұзылады. Жаман өте. 

Бәлкім, бар да шығар. Бұзылғандар. Бірақ, күллі қазақ қыздары ар-ұяттан безіп кеткен жоқ қой. Күллі қазақ қыздары тәнін көрсетіп, бөксесін жалаңаштап жүрген жоқ қой. Солай емес пе? Мойындаңызшы. 

Ал бұзылғандары ше? Бұзыла берсін. Олар түзелмейді. Ондайларды түзететін мекеме Қазақстанда жоқ. Оларды «хит» қылғаннан біз ұтылып жатырмыз. Біз бұзылып барамыз. Біздің талғамымыз соларды сүйсініп көретін деңгейге дейін төмендеді. Бізге қазір бұдан басқа түк қызық болмай қалды. 

Ал әлгі бұзылған қыз әлеуметтік желіде жария болғанына қайғырмайды. Қуанады. Себебі, ол оған дайын. Ол әуелден бәріне дайын. Бұзылған себебі. Біз оларға тегін жарнама жасап отырмыз. Иә, тегін жарнама.

Аль Фредо, kaz.365info.kz

[:]