АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазақ қыздарын зорлайды екен»[:]

[:kz]

Бағана СИЗО-ға барғанда, Қастер мен Мұрагердің аузынан естіген сұмдық шындық есімнен кетпей қойды..»Сендерді саяси үйрену лагеріне қамағанда, не айып тақты?»-деп сұрадым.
Қазақстанға келіп кеткен немесе Қазақстаннан қоңырау қабылдаған, Қазақстаннан барған танымал адамдармен суретке түскендері үшін де ақылға сыйымсыз айыппен, ешқандай сотсыз, тергеусіз, ұстап алып, қамай береді екен. Ол жерде олардың көрмеген қорлықтары жоқ. Қазақтың өрімдей қыздарын елдің алдында қытайлар кезек-кезек зорлап, ал қалғандарына қарап тұруды бұйырған. Қарай алмағандарын жазалау үшін алып кеткен.

Аяқ-қолдарына кісен салып, ұрып-соғып, ол лагерьлерден босап шыққан адамдар не өмір бойы ауру, не көрген қорлықтарынан есі ауысып, жынданып кетеді дейді. Көбінің не өлі, не тірі екенін білмейді, мүлде хабар жоқ.Үйлерінде жайнамаз, қамшы, тағы сол тектес қазақы зат ілініп тұрса, сол үйдің қариясы болсын, жасына қарамай, қамай берген..

Ана жаққа түскендердің жас-кәрісіне қарамай, тырдай жалаңаш шешіндіреді екен. Сондай қорлыққа шыдамай жасы үлкен апалар өздеріне қол салған жағдайлар да болыпты.Барлық үйлерге Қытайдың президентінің суретін іліп қоюды бұйырады дейді. Бір қазақтың еркегін қамап, орнына бір қытайды қояды екен. Ол кәдімгі сол үйдің еркегінің рөлінде болады. Әйелімен жатып-тұрып, қыздарын қорлап, білгенін істейді екен. Қастердің әжесі былтыр қайтыс болыпты. Қарияның жаназасын шығартпай қойыпты.

Кәдімгі қытайлық сақшылар қарап тұрады екен. «Ішімізден дұға, сүрелерімізді оқып, бет сипауға қорықтық»- дейді.. Мазарлардағы мұсылмандардың ай белгісін алдыртып тастайды екен. Бастарына барып, құран оқуға қорқамыз дегенді естігенді, «шіркін, туған елде жүргеннің қадірін білмейді екенбіз ғой»- деп күрсіндім. Екеуіне де саяси үйрену лагеріне шақырту тағы келген. Мұрагерге «осы жолы сені өмір бойына жабамыз»-депті. «Не кінә тақты сонда?»-деймін. Бір қытаймен қатты ерегісіп қалыпты.

Бар жазығы сол.»2009-дан бастап, ұйғырларды қамап бастады, ол кезде қазақтардан бірен-саран имам-молдаларды қамаушы еді, 2014-тен бастап, жаппай қазақтарды қамау басталды»-дейді жігіттер.

Жазба Ләззат Ахатованың facebook.com парақшасынан автордың рұқсатымен алынды.

Жас Алаш 

[:]