[:kz]
Джан есімді афроамерикалық азамат қазақ қызын жар етіп алған. Ол өзінің жары Меруерттің тұрмысқа шығуға келісімін 3 жыл күткен. Қазіргі таңда олардың ортақ бір қызы бар. Қазақ қызымен бақыттымын дейді өзі.
Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтуынша, бүгінде Меруертпен шаңырақ көтергеніне 5 жыл болған. Ортақ некеден туған қызына әкесі Стефани деп есім берген.
Джанның өзі христиан дінін ұстанады екен. Алайда жұбайы Меруерт мұсылмандықтан айнымаған. Қос дінге де құрметпен қараймыз деген азамат жұма сайын жұбайымен мешітке барып тұратынын жасырмады. Өзі Франциядан келгенін айтты.
Бағдарлама барысында психолог өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының көбейіп баратынына қынжылды.
«Жаңа бәріміз жанталасып қарсы болып жатыр едік. Алдымызға қазақтың күйеу баласы келді. Өзімізді өзіміз басудың аргументтерін іздедік. Мұсылман дінін қабылдады ма, салт-дәстүрді білесіз ба, тілді үйренесіз ба, шүкір-шүкір деп баса бастадық. Патриоттығымыз қайда? Енді бұларды айыра алмаймыз деген амалдың жоқтығынан ба? Мәселе мынада. Егер де бізде сыртқа кетіп жатқан қыздар көбейіп жатса, бұл біздің ұлтымыздың қанының бұзылып жатқандығы. Егер қыздарымыз еліктеушілікпен, не байлыққа қызығып кетіп жатса, ата-ана қызына тәрбие беру керек. Бақыт байлықта емес. Мәселе сыртқа кеткенде емес деп ойлану керек», — дейді маман.
stan.kz
[:]