АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ матрешкаларын көрдіңіз бе?![:]

[:kz]

Алматы тұрғыны Марина Набиулина пәтерін шеберханаға айналдырып жіберген. Оның сүйікті ісі – ағашқа өрнек салу. Бұрын да біреу оған бір қап дайын матрешканы  сыйға тартады. Сосын Марина олардан «қазақ қызын» «жасап шығаруға» тырысады. Бүгінде суретші тек ұлттық қана емес, заманауи бейнелерді де дүниеге әкелуде. «Байқаған адамға айнала толы шабыт»,-  дейді суретші. Арлы-берлі өткен жандардың жүзіне мұқият қарап, сосын оларды қуыршақ бетіне бейнелейді

Маринаның пәтері өте жайлы. Пәтерге кірген бойда өрнектелген ағаш ыдыстар, әйнекке салынған суреттер, қазақи нақыштағы заттар бірден көзге түседі. Анасы мен қызы – қолөнер шеберлері. Сондықтан, пәтерді өз қалауынша безендіруді жөн санайды. Суретші үшін бүл тек кәсіп қана емес, сонымен қатар, өнер.

1993 жылы Алматыдағы Абай атындағы Жоғары оқу орнында сурет-кескін факультетін бітірген Марина «Ағашқа өрнек салу» атты тақырыпта диплом жұмысын қорғайды. Студент кезінде туыстарына ерекше сыйлық ретінде ас бөлменің тақтайларына сурет салып, сыйлай бастаған екен. «Кейінірек кейбіреулер оны сатып ала бастағаннан-ақ ерекше шабытым оянды»,- дейді суретші.

Студент кезінде-ақ Марина күллі Қазақстанға экспедиция кезінде жиналған этнографиялық материалдар негізінде ұлттық нақыштағы кәдесыйларға өрнек салумен айналысатын «Зергер» зауытында жұмыс істеген. Ол жерде суретшілер қазақ ертегілері мен аңыздар кейіпкерлерінің шап-шағын мүсіндерін жасайтын.

«Біреудің қоластында жұмыс істеп жүргенде өзінің жеке, авторлық үлгідегі туындыларымды жасасам» деп армандаған. Сөйтіп, зауыты тарап кеткен соң, Марина еркін суретшіге айналып, қырнаушыға неше түрлі қалыптарға тапсырыс беріп, оларды өз қалауынша  өрнектеп, әртүрлі қолөнер дүкендеріне өткізіп отырған. «Бір күні қазақстандық мұражай қызметкерлерінің бірі – Борис Шариков маған бір қап дайын матрешкаларды беріп, біреуін қазақи нақышта өрнектеуін сұрады. Бориске дайын мүсіндерді досы сонау Мәскеуден әкелген екен. Ол кездерді ондай материалға қол жеткізу өте қиын еді. 25 дана матрешканы көргенде қуанышымда шек болмады. Бірақ мені Бористің «біреуін қазақи нақышта өрнектеп берші» дегені қатты таң қалдырды. Жұмысқа қызығып кірісіп кеткенім сонша біреу емес, бірнеше «қазақ матрешкаларын» «дүниеге әкелдім. Бәрі бір мезетте сатылып кетті. Себебі, базарда тек орыс матрешкалар танымал еді ғой. Ал қазақ матрешкалары – өте ерекше еді. Сол сәттен бастап осындай қазақ матрешкаларды өрнектейтін болдым» — дейді суретші Марина.

«Бүгінде Отанымызда қазақ матрешкаларын жасау өте күрделі. Себебі, мұндай әуресі көп жұмысты кез келген қырнаушы істегісі келмейді. Сондықтан, Ресейге тапсырыс беруіме тура келеді» — дейді суретші.

«Мен матрешкаларға тек сурет саламын. Ал ағаш негізді қырнаушы арнайы құрылғымен жасайды. Ресейде бұл өте жақсы өндіріс көзі. Ол жақта матрешканың сіріңкенің қорабынан бастап, 20 тіпті, 50 см биіктікке дейін көлемдісін дайындайды. Әдетте, оны жөке ағашынан жасайды. Оның сүрегі өте біртегіс әрі түсі әдемі, иісі де жағымды. Бір рет Ақтаудан деп бір матрешка алып келген. Ол анағұрлым қымбат болды. Матрешкалардың негізін жасайтын арнайы құрылғы мен оны игере алатын арнайы мамандар қажет. Егер біздің елдің қырнаушыларына тапсырыс берсем, бір матрешканы жасауға бір күні кетеді. Бұл өте күрделі жұмыс» — дейді шебер.

Сатып алушылар қазақ матрешкаларын қалай қабылдайды дегенге: «Жақсы. Қазақи матерашкалар өте сүйкімді шығады әрі еліміздің мәдениетін әдемі жеткізеді» — деп жауап берді алматылық қолөнер шебері.

Ⓒmix.tn.kz

Автордың әрбір матрешкасы бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, жасына байланысты жасалған әйел-матрешкалар. Қазақтарда әдетте киімдеріне қарап жасын анықтайды: егде жастағы әйел кимешек пен шапан киеді, сәл жастауы ұлттық тақия, қамзол, өрнекті көйлектер киеді.

Матрешканың негізі қолына тигеннен бастап шебер мұқият ойланады. Сосын барып жұмысты бастайды. Бояу ағып кетпес үшін негізге желім жағып, тегістейді. Сосын барып қарындашпен суретін салады. Келесі кезеңде акриль немесе гуашь бояуымен өрнекті бояйды. Бұл жұмыс өзгесіне ұқсамас үшін шебер бар ынта-жігерімен мұқият істейді. Ол үшін «тарихты зерттеп, ертегі көріп, кітап оқимын» дейді суретші. Алдымен матрешканың бетін салады. Мұнда ағаштың түсі адам терісінің түсіне ұқсас болады. Сосын киімі ашық-жарқын түстермен боялады. Кейіннен жіңішке қылқаламмен киімнің өрнектері салынады. «Ұлттық өнер – әртүрлі композициялардың дүниеге келуіне көп септігін тигізетін қайнар көз. Бұрын костюмдерін салу үшін арнайы  мұржайларға баратынмын. Қазір қажеттілігімді көбінесе ғаламтордан табамын» — дейді Марина Набиулина.

 

Ⓒmix.tn.kz

Жұмыстарының ішіндегі ең сүйікті шығармасы – жұлдызды бейнелер. Үш жыл бұрын суретші матрешкаларына танымал адамдардың бейнесін қоя бастаған. Бұл бестікте: Батырхан Шүкенов және «A’Studio» тобының бұрынғы-қазіргі мүшелері: Кети Топурия, Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздыков бар.

«Кескінді матрешка жасағым келді. Портреттерін өзім салмаймын. Оған көп уақыт кетеді және мен үшін қымбатқа түседі. Сондықтан, фотография техникасын пайдалануды жөн санадым. Жұлдызды топтама баршылық. Меніңше, бұл танымал жандар маған ренжуі де мүмкін, мүмкін қуанып та қалар. Бұл топтама әлі сатылымға шықпады» — дейді суретші.

Ⓒmix.tn.kz

«Қазақ матрешкаларды көбінесе, шетелдіктер, әсіресе, германиялықтар көп сатып алады. Көбінесе, сыйлыққа алады. Қыздарды және отбасылық топтама жақсы өтеді. Балалар орталығы дамытушы ойыншық ретінде алған. Себебі, матрешкалар көз жанарын, майда маториканы дамытуға таптырмас ойыншық. Кез келген матрешканы өрнектей беруге болады. Мейлі, қыз, ұл, достар, ұстаз, жетекші болсын бәрібір. Қиялым шексіз» — дейді Марина.

Орта есеппен 5-7 қуыршақты өрнектеу үшін бір апта уақыт кетеді екен. Бұл негізі өте күрделі жұмыс.

матрешка

Ⓒmix.tn.kz

«Мен үшін ең қиыны — бәрін бір өзім жасауыма тура келді. Дайын негіздерді сатып алып, оған лайықты кейіпкерді ойластыру, өрнектеу, дүкендерге өткізу, ол қашан сатылады деп күту. Сатушылар үстіне ақша қосып сататындықтан, ұзақ уақыт күтуіме тура келетін. Ал бүгінде ғаламтордың арқасында шаруам біраз жеңілдеді. decormaster.kz деп аталатын өз сайтымды аштым. Бүгінде сатып алушылармен өзім тікелей сөйлесе аламын», — дейді суретші Марина Набиулина.

Автор: Сахибам Садырова

Дереккөз: mix.tn.kz

Аударып, ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

[:]