АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ тілінде еркін сөйлеген америкалық жігіт елді таңғалдырды (видео)[:]

[:kz]

Ақтауда тұратын америкалық азамат қазақ тілінде еркін сөйлейді. Онымен қатар домбырада ойнап, қазақ әндерін шырқайды.

Бұл туралы желі қолданушысы Бекжан Қиманов желіде жазып, видео жариялады.

Бекжан Қиманов шетелдік азаматты Астанадағы қонақ үйдің бірінде кезіктіріп сөйлеседі.

«Америкадан келген қонағымыз өзін Шыңғыс аға деп таныстрды. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді», – дейді желі қолданушысы.

«Шыңғыс аға» әйелімен Ақтауда тұрады. Айтуынша, жұмыс барысымен елордаға келген. Ол қаланың тазалығына таңғалып, көпшілікті Астанаға келуге шақырды.

“Ассалаумағалейкум, құрметті қонақтар! Бәріңізге рахмет. Біз Америкада туғанбыз, бірақ Ақтауда тұрып жатырмыз. Астананың тазалығы ұнады. Қазақстанның қонақжайлылығы ұнайды. Алла тағала баталар жаудыра берсін. Елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын”, – дейді шетелдік азамат.

 

Источник: Stan.kz

[:]