[:kz]
«Ұлттық арнамыз көрсетіп отыр ма? Басшылары кім?», «Жай ғана көрсетілмесін емес, шыққан шығынның орнын қайта толтырсын! Бұл шығын — халықтың ақшасы!».
«Композитор» деп аталатын фильмді көрген Серік Боқан есімді Facebook қолданушысы «қазақ жесірінің үйіне сүрбойдақ қытай еркекті жатқызу — «ұлттық болмысымызды қорлау» екендігін айтып, бұлқан-талқан болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ұлттық арна» мен «Қазақфильм» кім үшін жұмыс істейді?! «Қазақстан Ұлттық арнасы» мен «Қазақфильм» тізгініңді тарт! Фильм түсіріп, Қытаймен бірге қазақ қызын қорлайтын не бастарыңа күн туды? Қазақ жесірінің үйіне сұр бойдақ қытай еркекті жатқызу — біздің мұсылмандығымызды, ұлттық болмысымызды қорлау!
Бастарыңа сонша не күн туды?! «Композитор» деген фильм екен. Ся деген өткен ғасырда өткен қытай азаматы туралы түсіріпті! 50 пайыз ақшасын біз шығарыппыз! Көрсең қан ойнататын дүние екен!», — деп жазды ол Facebook парақшасында.
Автордың ашынғаннан, бәлкім, күйінгеннен жариялаған жазбасын оқыған өзге де әлеуметтік желі белсенділері болса, оның пікірін қолдай жөнелді.
Мысалы, «Ұят тірлік», «Мынау деген қазақтың намысына тиеді, ар-ожданды таптап отыр», «Бірлесіп түсіруге кім рұқсат берді?», «Қолдарынан түк келмейтін біздің режиссерлерді, әртістерді жақсы пайдаланып отыр екен», «Сатқындар арамызда жүр ғой. Келіспеулері керек еді. Ақшаға арттарын сатқандар», «Солай түсірген кинолардың кино сиқы жоқ», «Қарсымыз, мына фильмге бойкот жариялауымыз керек. Топастардың намысымызды таптағанына шыдамаймыз!», «Ұлттық арнамыз көрсетіп отыр ма?! Басшылары кім?», «Жай ғана көрсетілмесін емес, шыққан шығынның орнын қайта толтырсын! Бұл шығын — халықтың ақшасы!», — десті олар.
Енді біреулері «Осы кино саласындағыларда грам қазақи қан жоқ па? Атам қазақта еркегі жоқ үйге бөтен ер бас сұқпайды. Мыналардың қылығы ашындырады, ұлттық салт-дәстүрмен ойнамаңдар, наламен қарғысқа қаласыңдар», «Қазіргі түсірілген кинолар жастарға ешқандай тәлім-тәрбие бермейді», «Біздің бетке басар ұлттық арнамыздің түрі мынау! Қаңғып жүрген қытайдан композитор жасап қазақтың жесірінің үйіне қонғызған, қазақтың салтында жоқ салтты дәріптеп, Қытайды төбесіне кетерген», — деп азаматтық көқарастарын жеткізді.
Бұл пікірлер біз желіден көзіміз шалып қалған «қарсылықтардың» бір бөлігі ғана. Тіпті, фильмге қарсылық танытып, пікір білдірушілердің қарасы толастар емес.
Ал фильмнің триллеріне көзжүгіртіп, құлақ түрсек, желі белсендісінің наразылығын тудырған әлгі туынды тарихи шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген екен. Кинотуындыға Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова есімді танымал қазақ әртістері түскен.
Мәселен, фильмдегі басты рөлдердің біріне түскен актер Берік Айтжанов бір диалог барысында: «Барар жері жоқ. Өзі қытайлық. Бір амалын табайықшы!», — деп айтқан.
Айтпақшы, шығармашылық туындыны Қазақстан мен Қытай мамандары бірлесіп түсірген.
Естеріңізге сала кетейік, осы «Композитор» фильміне түскені үшін қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова Лос-Анджелесте өткен кинофестивальде «Үздік әйел рөлі» номинациясымен марапатталған болатын.
[:]