[:kz]
Бибігүл Дәулетбек Хабибті күткен қазақ жігіттері үшін намыстанатынын айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Ұят-ай…
Бүкіл қазақ жігіттері кешеден бері Хабибты Пайғамбарын күткендей күтіпті ғой, ұшақтан жерге табанын тигізбей.
Жігіттер!
Не болды сонша?!
Фанатизм әйтеуір сендерге қатты жабысады екен де.
Дінмен де тез ауырасыңдар. Біреуің жүрсіңдер сақалдарыңды өсіріп, балақтарыңды кесіп (салафитке айналып), енді екіншілерің жүрсіңдер зікірлеріңді салып селкілдеп (суфизммен есеңгіреп).
Енді мынау немене?!
Намыстанамын да…
Өзімізден бір Хабибты шығара алмай отырғанымызға…
Небір арамызда жүр ғой Хабибтар.
Бірақ ол қазақтың Алпамыстарының артынан демеп жіберетін әкесі жоқ та Хабибтікіндей… Сондайда «әттеген-ай» дейсің де…
Хабибке табынғанша — спортпен айналысыңдар!
Уот, сол кезде Хабиб секілділер сені суретке түсуге зар етпейді!
PS: томардай еркектер Хабибтың артынан жүгіріп жүргені несі жас балаша», деп жазды.
«Қуат Найман нағыз батыр!», «Қасындағы біздің жағымпаздар ма?», «Бұл кім соншама. Өзіміздің де қазақ Қанат Ислам, Ардақ Назаровтар жүрген жоқ па? Бұл да солардай адам емес па?», «Өлер ме екен сорлы қазақ», «Ее сорлымызғой сондай», деген пікірлер жазды оқырмандар.
[:]