[:kz]
Ресейдің 19 жастағы теннисшісі Александр Бублик келесі жылдан бастап халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан сынға түсетін болды, деп хабарлайды inform.kz.
«Келесі жылдан бастап Қазақстанның атынан теннис ойнайтыныма қуаныштымын», — деп жарияға салды ол өзінің Инстаграм-дағы парақшасында.
Айта кетсек, Қазақстанның бетке ұстар теннисшілерінің барлығы дерлік – бұрынғы ресейліктер. Бұл жаңалықты естіген олар да қуанып, Бубликті жан-жақтан құттықтап жатыр.
Қазақстанның қазіргі бірінші ракеткалары — Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева да бұрынғы ресейліктер.
Сондай-ақ, Ярослава Шведова, Александр Недовесов, Андрей Голубевтер де бұрын Ресей туының астында өнер көрсеткен.
[:]