[:kz]
Ертеңгісін банктің (атын атамай ақ қояйын жарнама боп кетер) терминалы арқылы операция жүргізуім қажет болды. Менің алдымда жасы алпысты алқымдаған ер адам тұр. Терминал арқылы алған несиесін төлеу керек екен. Несиені бір айға ғана алыпты. Бір айға төлейтін несиесі пайызымен қосқанда 44 200 теңге екен.
40000 алған үстіне 4200 теңге қосып төлегелі тұр. Әлгі кісі алды да терминалға 44 500 салды, «Неге артық саласыз, онсыз да пайызымен төлеп тұрсыз, оған қоса ақшаны артық салып жібердіңіз ғой» десем, «Ой, артық болса бола берсін,қазір қарыз беретін осы банктен басқа туыс жоқ. Ағайынымнан да жақын банкім бұл» деп ойлантып тастады. Қазаққа осылайша банк туыстан да қадірлі бола бастапты ғой ә?!
www.facebook.com парақшасынан
[:]