[:kz]
Мәскеуде Жириновскийге арналған ескерткіш бар деседі.
Соған қатысты ойымен Әміржан Қосанов бөлісіпті.
“Неге біздің билік өз қолымен Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтқан ойларын дәл сол стильде Ресейге қатысты айта алатын өзіміздің «жириновскийлерді» қалыптастырмайды?
Оның пиарына Кремль секілді іштей рұқсат беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Анау есуас «Ә!» десе, біздікілер «Мә!» деп отырар еді ғой.
Ең болмағанда, айызымыз қанып отырар еді. Ресей жағы да ойланып қалар еді…
Қолдан жасалған әрі түк пайдасы жоқ қуыршақ партияларға ақша шығындағанша, осылай істемей ме?!”.
Әміржан ҚОСАНОВ, саясаттанушы
[:]