1. Онлайн билет сату. 18 жастағы Джошуа Дзябяк 2005 жылы өзінің хостингтік компаниясын 1 миллион АҚШ долларына сатады. Тапқан табысына мерседес автокөлігі мен соңғы үлгідегі теледидар сатып алып, қалған ақшасын жаңа кәсіпорындарға инвестициялайды. Мұнымен қатар, онлайн билет сатуға мүмкіндік беретін «Showclix» веб-сайтын мәдени ошақтар, колледждер, концерт залдары және т.б. мекемелер пайдалана бастайды. Компания 2009 жылы 1 000 000 $ инвестиция жинап, өзі 2,75 $ ақшаға бағаланған болатын. Сатылған билеттер 9 000 000 $ пайда әкелген. Showclix әр сатылған билеттен 7-15%-ға дейін пайда түсірген.
2. Трюфелдерді импорттау. Ян Пуркаястха 15 жасында мейрамханалар мен көкөніс сататын азық-түлік дүкендерін трюфелдермен қамтамасыз етіп отырады. 1 келісін 12 000 АҚШ долларына бағалайды.
Пуркаястха балалық шағын ата-анасының Хьюстендегі үйінде саңырауқұлақ жинаумен өткізеді. Трюфелді импорттау – қиын жұмыс. Себебі оны 4 федералды мекеме бақылайды. Мұнымен қатар, жарамдылық мерзімі тек 7 күн болғандықтан, тапсырыс берушілерге уақтылы жеткізіп отыру керек. Осылайша Пуркаястха Арканзаста трюфел өсіретін көшеттік ашады. Бұл – АҚШ-тағы ең алғашқы трюфел өсіретін бақша. Алғашқы жылдары компания 1 000 000 $ табыс табады.
3. Автомобиль сайты. Джейсон Брайн Флоридада көлік сататын фирманың маркетинг бөлігінде жұмыс істей бастайды. Бірден департамент бөліміне орналасады. Ол маркетингтің болашағы интернетте екенін жақсы білген. Бір сұқбатында тауарды жарты бағасына сатып, өтімділікті екі еселендіруге болатындығы туралы айтады. Арада 3 жыл уақыт өткен соң Брайан 10 000 АҚШ долларынан аз ақша шығындап, тұтынушыларға арналған көлік іздейтін сайт құрады. Артынша көлік өндірушілерге тұтынушылар туралы ақпарат сата бастайды. 6 жылдан кейін инвесторлар тарапынан 250 000 $ ақшаға ие болады. 2009 жылы инвесторлардан 1 200 000 $ ақша алып, 2010 жылы табысы 6 000 000 АҚШ долларын құрайды.
4. Жұмсақ ойыншық сату. Кэмерон Джонсон бірнеше коммерциялық ұйым құру арқылы алғашқы 1 000 000 жалақысын алған. Ол өзінің жеке бизнесімен 9 жасынан бастап айналыса бастайды. Осы кезде Photoshop көмегімен ата-анасының мерей тойына арналған шақыру билет жасап, артынша таныстары мен көршілерінен тапсырыс ала бастайды. Джонсон Photoshop бағдарламасында сурет өңдеу арқылы алған ақшасын жинап, көп жұмсақ ойыншық сатып алады. Оларды өзінің «Қуаныш пен мұң» сайтында және еВау компаниясының қызметімен сату арқылы 50 000 $ ақшаға ие болады. Кэмерон 13 жасында «My EZ Mail» қызметін ойлап табады. (Электронды хатты жолдаушы туралы жеке ақпарат бермей белгілі мекен-жайға жіберу). Оны жасау үшін бағдарламашы жалдап, 2 жылдан кейін осы қызметтің арқасында 3 000 $ табыс табады.
1997 жылы Джонсон құрдасымен бірігіп, жарнама компаниясын ашады. Ол компания қолданушы браузерінің жоғарғы бөлігінде шығып тұратын жарнамаларды сатады. Жарнамасын жүктеген адамдар сағатына 20 цент ақша алып отыратын болған. Бұдан кейін Джонсон жарнамадан 30% табыс көріп отырған DoubleClick, L90 компанияларымен серіктес болады.
Джонсон Forbes журналына берген сұқбатында: «Мен 15 жасымда 300 000 $ және 400 000 $ деп жазылған чектер алып отырдым», — дейді. Кэмерон Джонсон бұдан өзге адамдарға өздеріне қажет емес сыйлық сертификаттарын сататын CertificateSwap.com сайтын ашқан. Осы кезде eBay қызметі арқылы сыйлық сертификатын сату оңай болатын. Бірақ, олар картаның 13% ақшасын өздеріне алып отырған. Ал Кэмеронның ойлап тапқан қызметі 7,5% ақша ғана алып отырған.
Джонсон 2004 жылы CertificateSwap сайтын алты таңбалы санға сатады.
5. Жеміс-жидек тосабы. Доэрти 2002 жылы Эдинбургтегі ата-анасының үйінде тұрып жатқан шағында күні бойы тосап пісіре бастайды. Бұл уақытта небары 16 жаста болатын. 2009 жылы SuperJam табысы 1 200 000 долларға жетеді. Дәл қазір Доэрти компанияның жалғыз штаттық қызметкері. Табысы 1 000 000 – 2 000 000 долларды құрайды.
6. Фокус-группқа арналған әлеуметтік желі. Ағылшындық Адам Хилдрет 1999 жылы 14 жасында жаңа әлеуметтік желі ашады. Coca-Cola сынды компаниялар фокус-групп адамдарының маркетингтік стратегияларын ұтымды түрде пайдаланады. Хилдрет Dubit Limited компаниясын 4 жыл басқарады. Ол небары 19 жаста болғанында ВВС оны Ұлыбританияның ең бай жасөспірімдерінің бірі ретінде атаған еді. Осы уақыттағы табысы — 2 000 000. Артынша аз уақыттың ішінде 3 700 000 миллионға өседі.
7. Компьютерлер туралы сайт. Майкл Фурдык 1996 жылы 16 жаста болған. Осы жасында ата-анасының үйіндегі жертөреде жұмыс істеп, компьютерлер туралы «MyDesktop» сайтын құрады. Сайтында өзі ойлап тапқан түрлі кеңестер болады. Сайт арқылы аустралиялық құрдасы Майкл Хэйменмен танысады. Хэймен өз кезегінде Торонтоға көшіп барып, бизнес ашуға көмектеседі. Екеуі бірігіп сервер мен кеңсе іздейді. Уақыт өте келе «MyDesktop» Microsoft сынды тапсырыс берушілердің арқасында 60 000 долларға жуық қомақты ақша табады. 1999 жылы Фурдык пен Хэймен және 3 әріптесі бірігіп, «Internetcom» команиясының сайтын 1 000 000 ақшаға сатады.
8. Өсімдік майына арналған сыққыш. 20 жастағы Даниэль Гомес Иньигес -«Solben» компаниясының иесі. Ол дизель отынын өндіру үшін өсімдіктен май сығып алуға көмектесетін құрал ойлап табады. Бұл майды өндіру туралы мектеп жасынан бастап ойланған екен. Алғашқы сатылымы 150 000 доллар табыс әкеледі. Табыстың жарты бөлігін сыққыш жасау үшін жұмсайды. Мексикандық Monterrey команиясы Иньигес бизнесіне 1 000 000 доллардан артық инвестиция салады. Бүгін компанияның тұрақты жұмыс істейтін 15 қызметкері бар.
Даниэль Гомес Иньигес көп ақша тапқан соң колледжге түседі.
9. Онлайн фотоальбом. 2005 жылы 15 жасар Кэтрин Кук пен 17 жастағы ағасы Дэйв екеуі мектептегі альбомдарына қарап отырып, интернетке оның интерактивті нұсқасын салу идеясын ойластырады. Арада біраз уақыт өткен соң Куктер Zenhex әлеуметтік желісімен бірігеді. Осы жерге қолданушылар тестілерін сала бастайды. 2006 жылы MyYearbook АҚШ-ның Venture Partners фондынан 4 100 000 $ көмек ақша алады. Бизнес Neutrogena, Disney және ABC сынды жарнама берушілерді қызықтыра бастайды. Әлем бойынша қызығушылардың саны 3 000 000 ақшаға жетеді. 2008 жылы ағалы-қарындас Куктер сатылымның 7 таңбалы санға теңескендігі туралы Forbes басылымына хабарлаған.
10. Футболкаларды сату. Реймонд Ли жоғарғы сыныпта оқып жүрген кезінде Қытайда веб конференциялармен айналысу тәжірибесінен өтеді. Осы тәжірибені жеке өмірінде ұтымды пайдаланады. Калифорнияда тұратын Ли өзінің теннис компаниясына арналған футболкаларды Қытайдан тікелей алдырады. Мұнымен қатар, Қытайдан алдырған тауарды сатуға кіріседі. Ли сатқан тауарынан 2 200 $ пайда көріп, оған Ooshirts атты онлайн футболка сатуға арналған компания ашады. Компаниясының атын Yahoo мен Google атауларында екі О әрпінің бар екенімен түсіндіреді. Ли 19 жасында өзінің компаниясында жұмыс істеу үшін Калифорниядағы оқуын тастайды. Дәл қазір 3 тұрақты қызметкері бар. Ол көмек ретінде сырттан ақша алған емес. Лидың айтуынша, 2010 жылы табысы 600 000-900 000 АҚШ долларына жеткен. Ал Ли 20 жасқа келгенде сатылымы шамамен 2 000 000 долларды құраған.
Ал Сіз 20 жасында миллионер атанып үлгерген тағы кімдерді білесіз?
http://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/24760/