АЛТЫНОРДА
Новости

200 жас отбасы мемлекет ұсынған баспанадан бас тартқан

1380612734_dostupnoe1lrgҚолжетімді баспана берілген 200 жас отбасы пәтер құны тым қымбат болғандықтан бас тартыпты. Ал, жергілікті билік болса, пәтер бағасының қол жетімді екенін айтып, қарапайым халықты жұбатып әлек, — деп хабарлайды «31» арна жаңалықтары.

Баспандан бас тартқандар қатарында 6 жыл бойы баспанасыз жүрген Көкшетау қаласының тұрғыны Қуаныш Оспанов: «337 пәтер беріледі деді. Қуандық. Құжаттарымызды жинап тапсырдық. Кейін Қазақстанның ипотекалық компаниясына жіберді. Барсақ, айына екі бөлмеге 69 мың теңге төлейсіңдер 20 жыл бойы дейді. Одан қалды жылына 200 мың теңге салық төлеу керек. Өзіңіз ойлаңыз жас отбасыға мұндай сома көп. Сондықтан мен бас тарттым» — дейді.

Пәтерлерінің бағасы қымбат болғандықтан «Жансая» тұрғын үйілерін алуға құлшынған 200 отбасы өтінішітерін кері қайтырып ала бастаған. Ал, баспансыздықтан қажыған шарасыз жас отбасылар әліптің артыны бағып, олқылықтардың түзелуін күтіп отыр. Қала тұрғыны Болат Әлменов: «Енді біз өткен жолы қала әкімінің орынбасары Исмаиловтан сұраған болатынбыз, пәтердің коммуналдық қызметі жайында. Бұл үй әлі күнге дейін заңды тұлғаның атында тұр. Енді жеке тұлғаларға қарағанда заңды тұлғаларға тарифтік баға өте қымбат. Біз қалай төлейміз дегенде ол кісі жауап бере алмады» — дейді. Ал, тұрғын Бақытбек Бекмұратұлы бір бөлмелі үйдің өзіне жылына 162 мың теңге салық төлеу қажеттігін айтады. Оның айтуынша, көпшілік бұндай қамақты салықтың қайдан шыққанын білмей аңтарылғанын айтады.

«Жансая» Тұрғын үй кешені мемлекеттің «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында салынып жатқан көрінеді. Оған Қазақстанның ипотекалық компаниясы делдалдық қызмет көрсетеді. Жас отбасылардың жан-айқайына жауабы дайын әкімшілік өкілдері: «Астана мен Алматыда жалға берілетін пәтерлердің құны анағұрлым жоғары. Бұл тұрғын үй кешенінің жоспары алдын ала жан-жақты қарастырып бекітіліп қойылған», — деген уәждерін айтады.

Жәнібек ҒАЛЫМ

http://turkystan.kz/