Астана. 14 қаңтар. Baq.kz – Бүгінгі күннің өзінде британ қазынасынан қант диабеті мен семіздікті емдеуге $5 млрд қаржы жұмсалады екен.
Осы жүз жылдықтың бел ортасында Ұлыбритания тұрғындарының жартысынан астамы артық салмақтан азап шегетін болады. Бұл болжамды елдің үздік дәрігерлері келтіріп отыр.
Мамандардың айтуынша, семіздікке әкелетін жүрек-қан тамырлары мен диабет ауруларын емдеуге сол елдің үкіметі 2050 жылы 50 млрд фунт (82 млрд доллар) жұмсап отыратын болады. Көптеген ғалымдар мен дәрігерлер азық өндірушілерді тауарларының құрамындағы қантты 30% азайтуға шақыруда. Осы арқылы олар артық салмақтың өсуін тоқтатуға болады деп есептейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Кевин Фентон қазірден қантты тұтынуды анағұрлым азайтып, дене жаттығуларының қажеттілігі жайлы халықты көбірек құлақтандыру керек деп отыр.
http://baq.kz/kk/news/42055