АЛТЫНОРДА
Новости

30 науқасты шетелге жібереді

Денсаулық сақтау министр­лігі алғаш рет 30 науқасты шетелге трансплантация жасатуға жібермек ойда. Бүйректі алмастыруға мұқтаж 30 науқас емделудің бірінші кезеңі бойын­ша тексеруден өткізіліп, донор іздеу үшін Белоруссия мен Ресейге жіберіледі. Бірінші кезеңде олар донорды іздеуге қажет барлық тексеруден өтеді, донор табылған жағдайда, екінші кезеңде органды алмастырады. 


Ал нақты донорды іздеуге орташа алғанда 6 айдан 2-3 жылға дейін уақыт кетеді, тиісінше органдарды транс­план­тациялау донордың табылуына қарай жасалады. Қазақстанда 2012 жылы 55 науқас шетелге емдеуге жіберілді.
Жалпы, Денсаулық сақтау министр­лігі шетелдерде емдеуге жіберілетін науқас­тардың санын азайту мақсатында нақты шаралар атқаруда.
Отандық медицинаны дамытудың арқасында шетелге жіберіліп келген ауру түрлері қысқарды. Айталық, 2012 жылы шетелдерге жіберілуі тиіс 99 науқас отандық клиникаларда емделіп шықты. Олардың ішінде 50 бүйрек трансплан­тациясы, 1 жүрек трансплан­та­циясы, ере­сектерге 22 кемік майы трансплан­та­ция­сы, балаларға 8 кемік майы транс­план­­тациясы бойынша жұ­мыс атқа­рыл­ды. Сондай-ақ шетелдік ма­мандарды шақыра отырып, 12 балаға Қазақстанда күрделі операция жа­салды.
Егер бұрындары науқастар кар­диохирургиялық операциялар жасату үшін шетелдерге жіберіліп келсе, бүгінгі таңда елімізде ашық жүрекке 1500-ден астам операция жасалды, оның 87-сі бірегей операция болып саналады. Бұл отандық медицинаның сапасы артқанын дәлелдейді.

http://www.aikyn.kz