Астана. 30 наурыз. Baq.kz – Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кейбір аймақтарда ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында делдің күші секундіна 15-20, тіпті, 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде жел 17-22, таңертең және күндіз 25 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с, ал Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с дейін болады деген болжам бар. Ақмола мен Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, тұман түседі. Сондай-ақ Атырау мен Ақтөбе облыстарының кейбір аймағына тұман түсіп, күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болмақ. Ал Батыс Қазақстан облысының кейбір ауданына тұман түсіп, көктайғақ болады.