30 жастан асқан әйелдерде бала тууда қиындықтар болады ма?
Сәлеметсіздерме, Ана бол сайты! Менің гинекологқа сұрағым бар еді. Жасым отыз бірде. Жігітіммен үйленейін деп жүрміз. Жұмыс деп жүріп, тұрмысқа кеш шығып жатырмын. Енді болашағымды ойлап, алаңдап жүрмін. Отыз жастан кейін бала тууда қиындықтар болады деуші еді ғой. Сол рас па? Бала тууда қиындықтар болады ма?
Әйгерім, 31 жас
Байтурина Нұрия Мажитовна
Жоғары санатты гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты:
Бұрын 20 жаста бала туу керек, 25 жатса кеш болып кетеді деген стереотип қалыптасқан болатын. Қазір әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ұлғайды, әйелдердің әлеуметтік жетілуі бірден ұлғайды. Әйелдер тұрмысқа кеш шығатын болды, кеш босанатын болды, бірақ, бұл бала мен ананың денсаулығына еш зиянын тигізбейді. 30 жастан асқанда бала тууда қиындық жоқ. Батыста 40 жаста, 40 жастан кейін де әйелдер бала туып жатады. Яғни, норма алға қарай жылжуда. Бала туатын норма уақыты 20 жастан басталып 35,40 жасқа дейін де туа беруге болады.
http://anabol.kz/