АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

61 ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ПӘТЕР АЛДЫ


вручениеШымкент қаласында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында салынған тоғыз қабытты тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол облыс орталығындағы ең әсем аудандардың біріне орналасқан. Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысында. Бір қанатында «Нұр сәт», екінші жағында «Айқап» мөлтек аудандары.

Бағдарламаның 3-ші «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша салынған жаңа үйге шалғайдағы болашағы жоқ деп танылған  ауылдардың  тұрғындарына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға пәтерлердің кілттері тапсырылды. Осы оқиғаға  орай ұйымдастырылған салтанатта облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев:       уй

-Елбасымыз, Үкімет «Жұмыспен қамту-2020…» бағдарламасын орындауға аса зор мән беріп отыр. Бағдарлама облысымызда сәтті іске асырылып жатыр.  Мемлекетіміздің мақсаты-Сіздерді тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Сөйтіп, халықтың табысын арттыру. Өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтар бар. Оларды да жұмыспен қамтудың белсенді  түрлеріне тарту. Осы арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету бағытында елімізде қыруар шаралар атқарылып жатыр,-деді.

2011-2012 жылдары Шымкент қаласында 480 отбасыға арналған 6 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Осы мақсатқа облыста бөлінген  2 миллиард 655 млн. теңге толық игерілді. Бұдан бұрын да  көпқабатты 2 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген еді. Оларға  92 отбасы қоныстанды. Аталған бағдарлама бойынша  2012 жылы 30, ал 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында 62 отбасы жаңа қонысқа көшірілді. 127 еңбекке жарамды азаматтардың 117-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.  3 адам кәсіби оқытуға жолданды, 3 адам орта білім алу үшін кешкі мектепте білім алуда.

Бағдарлама шеңберінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық аясы кеңейтілді.

Бағдарлама аясында Шымкентте  салынған жаңа үйге Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларынан  72 отбасына пәтер берілді. Олардың: 61-і ата – анасының қамқорлығынсыз қалған  жетім балалардың отбасы. Сондай—ақ 11-і әлеуеті төмен елді мекеннен облыс орталығына қоныс аударуға ниет білдіргендер.

Жаңа үйде 18 пәтер бір, ал 72 пәтер екі, 18 пәтер үш бөлмелі екен.

Қоныс аударғандардың еңбекке қабілеттілері Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа орналаспақшы.  Мысалы, «Білікті маман» ЖШС-і, «Жылуэнерго ремонт» ЖШС-і, «Аэропорт ремонт» АҚ-ы, «Шымкентмай» АҚ, «Олимпиада резервтерін дайындайтын мектеп интернат», «Темур Бетон» ЖШС,  «ЮгПищеПром» ЖШС-і, «Еврофарма» ЖШС т.б. кәсіпорындар тігінші, медбике, газбен  және электрмен дәнекерлеуші, электрик, тағы басқа жұмыстарды ұсынып отыр. 

Сонымен қатар, «Байтерек ЛБ» ЖШС-і, «LTD Тұрмыс» ЖШС-і, «Зерде-Фито» ЖШС-і және «Отау-Строй» ЖШС-тері 110 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға келісім беріпті.

Жақын арада «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде тағы да 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмекші. Қоныс тойы биылғы жылдың қазан-қараша айларында өтеді деп жоспарлануда.

 

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы