Шетелдіктер асырап алған 673 қазақстандық бала із-түссіз жоғалған. Бүгінде шетелдіктер асырап алған 673 қазақстандық баланың қайда тұрып жатқаны туралы мәлімет жоқ. Бұл жөнінде Бас прокуратураның алқа мәжілісінде бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді.
«Асырап алғандардың уақытында есеп бермеуінен, 3,5 мың асыранды баланың өмірі мен тәрбиесіне қатысты ақпарат жоқтың қасы. Мұның себебі осы балалардың есебімен айналысатын қамқоршылық органдарының, Білім және ғылым, Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің мекемеаралық қарым-қатынасының жеткіліксіздігі болып отыр», — деді Дауылбаев.
Бас прокурордың мәлімедеуінше, барлық фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданды. 800-ден астам кәмелеттік жасқа толмаған баланың құқығы қорғалды. 150-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, 6 қылмыстық іс қозғалды.
Нәтижесінде, бүгінде шетелдіктер асырап алған 673 қазақстандық баланың қайда тұрып жатқаны туралы мәлімет жоқ.
(BNews.kz)
Дуанабай Жолдасбек