Айтжан мен Биғайша Қабылбековтер жұбайылық өмірдің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы хабарлады.
«Бірге тұрғанымызға 70 жыл болды. Бір-біріңді сыйлаңдар, бағалаңдар — біз білетін отбасылық бақыттың құпиясы сол», — дейді Айтжан Қабылбеков. Биғайша апа Қабылбековтер отбасына ерте жасында келін болып түскен. Оның жолдасы ауыл игілігі үшін еңбек етіп, егін орағының чемпионы болған.
Қабылбековтер отбасында 9 бала, 22 немере, 23 шөбере бар. Үш жыл бұрын қарттар Көкпекті ауданындағы Самарқа ауылынан балаларына жақындап облыс орталығына көшіп келген.
Дуанабай Жолдасбек