АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

78 жастағы қарағандылық қария өзіне оңтүстік өңірден жар тапты

originalҚарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласында тұратын 78 жастағы Жайлау есімді қария өзіне оңтүстік өңірден жар тапты.
Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Естеріңізде болса, 78 жастағы қарияның оңтүстік өңірден өзіне жар іздейтіні туралы хабарлағанбыз. Қарияның жұбайы болуға ниет білдірген қыз-келіншектердің қатары қалың болды. Олардың арасынан Жайлау ақсақал секілді қартайғанда жалғыздық зардабын тартып жүргендер де, қарияның көлігі мен үйіне қызыққандар да кездесті.

Алайда, Жайлау ақсақалдың көңілі Нағима апайға түскен. Нағима апай газет қызметкерлері арқылы Жайлау атаның телефон нөмірін алып, көп ұзамай екеуі танысқан.

Нағима апай Жайлау ақсақалға қиындыққа толы тағдыры мен балаларынан көріп отырған теперішін ашып айтыпты. Екеуі әбден сырласыпты. Сөйтіп бетпе-бет кездесуге бел буған.

Өткен сейсенбіде қалыңдық  Түркістаннан автобусқа мініп, Сәтбаев қаласына барды. Жайлау ата ол кісіні күтіп алып, үйінде қонақ етіпті.

«Мен апаларыңды автовокзалдан күтіп алып, үйге ертіп келдім. Екеуміз таңға дейін әңгімелестік, бір-біріміздің тағдырымыз туралы сыр шерттік. Екі ұлым мен келіндерімді шақырып, бір-бірімен таныстырдым. Сөзіміз жарасқан сияқты. Бірақ апаларың Шымкентке қайтып, үйіндегі шаруаларын реттестіріп келемін деп отыр. Енді ол кісінің келісімін алу үшін күтуге тура келеді», – дейді Жайлау ата.

Қартайған шағында жалғыздықтан жабырқап жүрген ата мен апаның бір шаңырақ астында бас қосатын күні алыс емес сияқты.

nur.kz/