
Бүгінгі таңда облыс бойынша 367 почта байланыс бөлімшелері 880 елді мекендерге почталық, қаржылық қызмет түрлерін көрсетеді.
Айта кетейік,бүгін ОҚО бойынша почта байланыс бөлімшелерінде ашық есік күні өтіп жатыр. Мерекелік іс-шарада түрлі акция, лотереялық ойындар ұйымдастырылып, тегін газет-журналдар таратылып жатыр. Аталған датаға орай облыстағы 30 почташыға велосипед тарту етілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі