АЛТЫНОРДА
Новости

Әбләзовты экстрадициялауға қатысты Бас прокуратураның ресми мәлімдемесі

Астана. 10 қаңтар. Baq.kz – М. Әбләзовты Ресей Федерациясы мен Украинаға экстрадициялау фактісі бойынша Бас прокуратураның ресми түрде таратқан мәлімдемесінде, сот шешіміне қарсы шағым келтіруіне Әблязовтың және оның қорғаушыларында бес күн уақыт бар, — делінген хабарламада.

Мұхтар Кабулович Әблязовті бірқатар қылмыстар жасады деген айыппен бірнеше мемлекеттің құқық қорғау органдары іздестіруде.
2009 жылғы 6 наурызда М.К.Әблязовқа халықаралық іздеу жарияланды, өйткені ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-бабының 4-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару), 176-бабының 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иеленiп алу немесе ысырап ету), 177-бабының 3-бөлігі (iрi мөлшерде жасалған алаяқтық), 193-бабының 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру), 220-бабының 1-бөлігі (банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану), 228-бабымен (коммерциялық ұйымдағы басқару қызметтерiн атқаратын адамның өкiлеттiктерiн теріс пайдалануы) қарастырылған қылмыстар бойынша айыпталуда.
Ресейлік құқық қорғау органдары М.Әблязовқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі (қызмет бабын пайдалана отырып аса iрi мөлшерде жасалған алаяқтық), 165-бабының 2-бөлігі (аса ірі мөлшерде зиян келтіру), 174.1-бабының 3-бөлігімен (қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағуда.
Украинаның Тергеу органдары Әблязовты Украина Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (iрi мөлшерде жасалған алаяқтық) және 191-бабының 1-бөлігі (бөтен мүлiктi иеленiп алу
және ысырап ету) бойынша қылмыстар жасағаны үшін айыптауда.
2013 жылғы 31 шілдеде Әблязов Францияның Грасс қаласы маңында орналасқан виллалардың бірінде ұсталды.
2013 жылғы 1 тамызда Экс-ан-Прованс қаласының соты Әблязовты қамауға алуға санкция берді.
2013 жылғы 22 тамызда, содан кейін 3 қазанда Әблязовты қамауда ұстау туралы сот актісіне оның адвокаттары келтірген шағымдар нәтижесіз болды.
Бізге шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болғанындай, 2014 жылғы 9 қаңтарда Экс-ан-Прованс қаласының соты М.К. Әблязовты Ресей Федерациясы мен Украинаға экстрадициялау туралы шешім шығарғаны белгілі болды.
Француздық заңнамаларға сәйкес, сот шешіміне шағым келтіруге Әблязовта және оның қорғаушыларында 5 күн уақыт бар.
http://baq.kz/kk/news/41961