АЛТЫНОРДА
Новости

ADAM bol меншік иесінің шағымын сот қабылдамады

Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілқайыр ADAMDAR компаниясының құрылтайшысы мен ADAM bol журналының меншік иесінің сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты шағымын қанағаттандырмай тастады.

Шағымда Аян Шәріпбаев пен әйелі Меруерт Серғазина мүліктерін тұтқындауға қатысты сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тануды сұрайды. Шағымданушылар сот орындаушысы Ринат Нұрсейітовтің борышкер ретінде Аян Шәріпбаевтың жүріп-тұруын шектеуі туралы қарарларын жоюды сұрады. Сот арыздарын қабыл етпегесін ерлі-зайыптылар апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Былтыр күзде ADAMDAR компаниясы өздерінің үстінен ар-намысымды қорлады деп арыз берген қалалық мешіттің наиб-имамы Ерсін Әміреден сотта ұтылған еді. Әміре былтырғы ақпан айындағы журнал санында жарияланған «Сирия көктемінің қазақстандық майданы» атты мақала беделіне нұқсан келтірді деп шағымданып, сот журналды бес миллион айыппұл төлеуге міндеттеген еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html