АЛТЫНОРДА
Новости

Адам қай кезде ең ақылды болады?

Англияның «Post Today» басылымы адам орта жасқа келгенде тәні әлсірегенімен, миы, ақылы ерекше жұмыс істейтіндігін жазған.

АҚШ Стайл зерттеу орталығы 1956 жылы ұзақ өмір сүруге қатысты зерттеу уақыты ең ұзын, көлемі ең кең, маңдайалды жобасын бастаған. Сөйтіп, 6000 адамның ақыл қабілетін 40 жылға таяу уақыт күзеткен. Зерттеу нәтижесінде 40 жас пен 60 жас аралығында адамдардың ең күрделі, әрі маңызды болған мәселелерге талдау жасау қабілеті өте жоғары деңгейде жұмыс жасайтындығы дәлелденген. Тағы бір айта кетерлігі, ерлер 50-60 жас аралығында, әйелдер 60 жасында ақыл-парасаттары кемелденеді екен. Адам орта жасқа кіргенде, жастарда жоқ үлкен абзалдылықтарға ие болып, қызмет, өмір, тәрбие жағында өте дұрыс тұжырымдар мен шешімдер жасайды. Себебі, дәл осы жас мезгілінде адамның оң жақ миы да, сол жақ миы да бірдей жұмыс істейтін көрінеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

 

http://massaget.kz