АЛТЫНОРДА
Новости

Адамның қарны неге ашады?

Астана. 11 ақпан. Baq.kz – Ғалымдар адамның қарнының неліктен ашатынын анықтады, деп хабарлайды Day.Az. 

Ақпарат көзінің дерегінше, Майкл Крашес және Бхавик Сах бұл үшін AgRP нейрондарына әсер ететін құтыру вирусының модификацияланған түрін пайдаланған және оны тышқандарға егіп, тексерген.
Нәтижесінде, тамақтандырылған тышқандардың өзі аштық, ашқарақтық танытып, ұсынылған ас мәзірлерін қомағайлана жеген. Ал, кәдуілгі аш тышқандар әдепкі қалыпын сақтаған. Яғни, бұған тікелей нейрондардың қозуының қатыстылығы анықталған.

 

http://baq.kz/kk/news/43362